Ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі — Узгидромет

    Жасыл планета 15 Iyul 2025 1739

    Үстіміздегі жылдың 17-19 күндері Өзбекстан аумағына оңтүстіктен өте ыстық ауа ағындары кіріп келеді деп күтілуде.

    «Узгидромет» агенттігінің хабарлауынша, 17 июльде республиканың солтүстік, оңтүстік және шөлейт аймақтарында, 18-20 июль күндері аумақтың басым бөлігінде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін, оңтүстік және шөлейт аймақтарда кей жерлерде 44-45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

    Республика бойынша желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң болады деп күтілуде.