Кірітілген өзгерістерге сәйкес, жүргізушілер көлік жүргізу кезінде телефонды құлаққаптар  арқылы және қолдарын қолданбай сөйлесуге мүмкіндік беретін құрылғылар арқылы пайдалана алады.

Жүргізуші белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырғанда көрсетілген жылдамдықтан 5 километрді шегеріп, жаза қолданылады.

Жүргізушінің төлқұжаты немесе ID-картасы болған кезде оның өзімен бірге жүргізуші куәлігін, тіркеу құжаттарын, сенімхатты, сақтандыруды талап етпейді (осы тәртіп 2022 жылдың 1 март айынан бастап қолданысқа енгізіледі).

Сондай-ақ көліктің алдыңғы жағына монитор (дисплей) орнату жауапкершілігі жойылды.

Валюталарды заңсыз иемдену үшін айыппұл мөлшері базалық есептеу көлемінің 10 есесінен 20 есеге дейін (бұрын ол қатаң БЕК-нің 20 есесі болатын) мөлшерінде белгіленді.

Жолаушыларды рұқсатсыз көлікпен тасымалдағаны азаматтарға айыппұл БЕК-нің мөлшерінде 30 есесі белгіленді  (бұрын Базалық есептеу көлемінің 20-дан 100 есеге дейін еді) , деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.