Үндістанмен ынтымақтастықтың жаңа қырлары қалыптасады

    Бүгінде Үндістанның іскерлер делегациясы елімізде жүр.

    11 сентябрь күні Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасында екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек сұхбаты өтті.

    Күн тәртібінде екі елдің бизнесмендері арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері көтерілді.

    Сондай-ақ Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Узчармсаноат», «Узтуқимачиликсаноат», «Узелтексаноат» бірлестіктері, сондай-ақ Үндістанның «Шарда университеті», «Wapcos Limited», «Crystal Crop Protection Limited» және «Solar energy» кәсіпорындарының тұсаукесерлері өткізілді.

    Дөңгелек үстелдің қорытындысына орай, былғары-аяқ киім, фармацевтика, логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқымашылық және т.б. салаларда жұмыс істейтін екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы екіжақты кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates