Шараға Ұлттық қорғаныс колледжінің басшылығы, осы әскери оқу орнында білім алып жатқан 25-тен астам шет мемлекеттердің 120-дан астам өкілдері қатысты.
Соңғы жалдары Өзбекстан өмірінің әлеуметтік-саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени-гуманитарлық, туризм және тағы басқа да салаларында қол жеткізген елеулі нәтижелер туралы түрлі мәліметтер беріліп, ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз туралы айтылды. Өзбек ұлттық киімдері мен тағамдары, басқа да көрме материалдары шараға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Тұсаукесер соңында Өзбекстанның тарихы, мәдени-ағарту мұрасының нысандары, танымал туристік мекендері, түрлі салалардағы реформалар мен еркін индустриялық аймақтар туралы бейнероликтер көрсетілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.