Келіссөздер барысында Үндістан тарапы мемлекетаралық қатынастардың қазіргі деңгейін жоғары бағалап, олардың дәйекті және қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әр түрлі саладағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы, тараптардың халықаралық ұйымдар шеңберінде диалогты кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай, сонымен бірге, бұл елге гуманитарлық көмек көрсету жөнінде пікір алмасты.
Үндістан тарапы Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілікті орнату үшін Өзбекстанмен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.