Үндістанның Ачаря институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Білім 29 Iyul 2022 2051

    Қазірде Дели қаласында Үндістан өнеркәсіп конфедерациясы мен Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастықта Үндістан-Өзбекстан бизнес-форумы өтуде.

    Бұл бизнес-форум түрлі салалардағы әлеуетті инвестициялық жобаларды талқылау мен жүзеге асыру үшін алаң болып табылады және екі ел арасындағы сауда-өнеркәсіпті, көлік қатынасын дамытуға, Өзбекстан мен Үндістан арасындағы транзиттік дәліздерді кеңейтуге қызмет етеді.

    Осыған орай, 28 июльде аталмыш бизнес-форум аясында Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі, Бұхара облыс әкімдігі мен Ачаря институты (Үндістан) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Меморандум негізінде Бұхара облысының Қаракөл ауданында Өзбекстандағы Ачария институтының филиалын ашу жоспарланып отыр, алдағы уақытта бұл жоғары оқу орнында ақпараттық-коммуникациялық технологиялары саласына жетік мамандарды дайындау көзделген.

    Естеріңізге сала кетейік, Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Ш. Шерматов ағымдағы жылдың 19 январында Ачаря институтының басшылығымен кездесу өткізіп, онда осы институттың филиалын Өзбекстанда ашу мәселелері де талқыланған еді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін:

    1990 жылы құрылған Ачаря институтының тармағы Бангалордағы ең ірі жекеменшік оқу орындарының бірі болып табылады. Оның құрамына 10 институт пен 15 зерттеу орталығы кіреді. Ачаря институттары тармағында 75 елден 15 мыңнан астам студент пен 250 докторант бар. Білім беру 100-ден астам оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates