Есеп палатасы тоқсан сайын өз қызметі туралы жұртшылыққа есеп береді

    Ел назарында 18 Iyul 2023 1199

    «Өзбекстан Республикасы Есеп палатасының қызметін одан әрі жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңға (УРҚ-856-санды, 17.07.2023 ж.) Президент қол қойды.

    Атап айтқанда, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген өзгертуге орай:

    Есеп палатасына аз мөлшерде талан-тараж жасалғаны және мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықты бұзғандығы, Экономикалық және қаржы министрлігінің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына аз мөлшерде талан-тараж жасағандығы үшін әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама жасау өкілеттігі берілді.

    Сондай-ақ, «Өзбекстан Республикасының Есеп палатасы туралы» заңға енгізілген қосымшаға сәйкес Есеп палатасы:

    қаржы жылдың бірінші айында қаржы жылы үшін жұмыс жоспарлары туралы ақпаратты өз ресми веб-сайтына орналастырады;

    бақылау шараларының нәтижелері бойынша анықталған қаржылық құқықбұзушылықтар мен олардың жойылуы туралы ақпараттарды әр тоқсанның аяқталуына орай, тоқсаннан кейінгі айдың 25 санасынан кешіктірмей өз ресми веб-сайытына орналастырады, мұнда мемлекет құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда;

    әр тоқсанда кемінде бір рет қызметі туралы жұртшылық алдында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен есеп береді.

    Заңмен Есеп беру палатасының заң шығару бастамасы құқықтық субъектілеріне заң шығаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу құқығын бекітті.

    Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates