«Honeywell UOP» компаниясы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады

    «Узбекнефтгаз» АҚ-ның басшылығы мен «Honeywell UOP» компаниясының президенті Бен Дриггстің кездесуі өтті.

    Тараптар «Узбекнефтгаз» АҚ өндірістік аумақтарын цифрландыруда «Honeywell UOP» технологиялары мен бағдарламалық өнімдерді қолданудағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

    Айта кетейік, АҚШ-тың «Honeywell UOP» компаниясы Өзбекстан базарында 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Компаниямен технологиялық әдістердің лицензиясы мен мердігері ретінде Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты, Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауыты, Шортан газ-химия кешені, Үстірт газ-химия кешені, Мубарак мұнай-газ өндіру басқармасы, , «Asia Trans Gas» ЖШҚ БК, «Uzbekistan GTL» зауыты сияқты кәсіпорындарда 20-дан астам біріккен жобалар жүзеге асырылды.

    Кездесу соңында тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың келесі қадамдары белгіленді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates