Ережеге орай, 16 жасқа толған және 30 жастан аспаған техникум оқушылары, жастар, студенттер және жұмыссыз болған халық арасында Өзбекстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін «Жаңа Өзбекстан жасампаздары» кәсіби шеберлік ұлттық байқауы өткізіледі.

Ережеге сәйкес, Кәсіптік білім беру агенттігі тарапынан жыл сайын 1 наурызға дейін (сол күні де ) электронды платформа арқылы байқауға қатысу үшін үміткерлер тіркеледі.

Байқауда:

1-басқышта – жастар, студенттер және жұмыссыз  болған халық арасынан әрбір кәсіп бойынша махаллалардан 3 үміткерден;

2-басқышта – техникум оқушылары және байқаудың 1-кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен әрбір кәсіп бойынша 1–3-орын иегерлері;

3-басқышта – байқаудың 2-басқышында ең жоғары нәтиже көрсеткен әрбір кәсіп бойынша 1–5-орын иегерлері қатысады.

Байқау тиісті кәсіп бойынша материалдық-техникалық базасы бар техникумдарда, жұмыс беруші кәсіпорындарда (ұйымдарда),  IT-парктерде және бейімделген арнайы полигондарда өткізіледі.

Байқаудың 3-басқыш жеңімпаздары мен оларға бекітілген тәжірибелік ұстаздар БЕМ-ның төмендегі мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйақылармен марапатталады:

1-орын (алтын медаль) иегеріне – 20, тәжірибелік ұстазына – 100 еселік мөлшерде;

2-орын (күміс медаль) иегеріне – 15, тәжірибелік ұстазына – 80 еселік мөлшерде;

3-орын (қола медаль) иегеріне – 10, тәжірибелік ұстазына – 60 еселік мөлшерде.

Байқаудың 3-басқыш жеңімпаздарына «WorldSkills International» ұйымының «WorldSkills» халықаралық чемпионатына қатысу құқығы беріледі.