Өзбекстандық оқушылар Халықаралық информатика олимпиадада 2 медаль жеңіп алды

    Халықаралық деңгейдегі ең беделді білім сайыстарының бірі саналған «IOI-2025» — Халықаралық информатика олимпиадасы аяқталып, ресми қорытындысы жарияланды.

    Биылғы жарыс өзбек оқушылары үшін тарихи нәтижемен аяқталды. Жарыс жоғары деңгейдегі бәсекеге қарамастан, Өзбекстан құрама командасының 2 өкілі сәтті қатысып, елімізге 1 күміс, 1 қола медаль әкелді. Бұл нәтиже Өзбекстанның информатика пәнінен халықаралық аренада әлеуеті артып келе жатқанын көрсетеді.

    Өзбекстан құрама командасының нәтижелері:

    Асилбек Суннатов – 378,82 ұпаймен күміс медальдің иегері атанды;

    Улықбек Рахматуллаев – 308,12 ұпаймен қола медальді иеледі.

    Бұл жетістік, әсіресе, Асилбек Суннатовтың күміс медалі — Өзбекстан тарихындағы алғашқы күміс жүлдесі ретінде аталды.

    Халықаралық импформатика олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысады. Олимпиаданың ресми нәтижелерімен https://stats.ioinformatics.org/results/2025 сайтынан танысуға болады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates