Қонақты Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Биылғы жылдың өткен кезеңінің көрсеткіштерін саралайтын болсақ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жанданды. Сандарға назар аударатын болсақ, ЭЫҰ аясындағы тауар айналымы 9,2 миллиард долларды құрап, еліміздің жалпы тауар айналымындағы мүше мемлекеттердің үлесі жиырма пайыздан астам болды.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер еліміздің негізгі экспорттық серіктестерінің бірі болып табылады. Бұл аймақтық ұйымның халықаралық экономикалық әлеуеті артып келе жатқаны қуантады.