Екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында

    Бүгін, 16 август күні Шолпан-Ата қаласында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық біріккен комиссияның 10-жиналысы өтті.

    Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан үкіметі делегациясының Қырғызстанға іс жүзіндік сапары жалғасуда.

    Екі елдің Премьер-министрлерінің қатысуымен өткен жиналыста соңғы жылдары елдеріміз арасындағы жан-жақты және өзара тиімді байланыстар қарқынды дамып келе жатқаны, Мемлекеттеріміз басшыларының қатаң саяси ерік-жігерлері, тұрақты достық пен сенімді диалогтары негізгі факор болып қызмет етіп жатқаны айтылды.

    Атап өтілгендей, өзара тауар айырбастау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Оның көлемін 2 миллиард долларға жеткізу мүмкіндігі бар. Су шаруашылығы, энергетика, көлік, автомобиль жасау және басқа да салаларда біріккен кооперация жобалары нәтижелі жүзеге асырылуда. Мәдени-гуманитарлық алмасу одан әрі кеңейюде.

    Кездесуде өнеркәсіп кооперациясы саласында үлкен мүмкіндіктер бар екені, осы орайда Өзбекстан-Қырғызстан даму қорының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

    Сондай-ақ энергетика, су шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде өзара пікір алмасты.

    Тараптар мәдени-гуманитарлық, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара мәдени күндерді, этноспорттық фестивальдерді, іс-шараларды, концерттер мен көрмелерді өткізу бастамасын алға тартты.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық біріккен комиссияның 10-жиналысының қорытындысы бойынша мәлімдемеге қол қойылды.

    Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates