Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан үкіметі делегациясының Қырғызстанға іс жүзіндік сапары жалғасуда.

Екі елдің Премьер-министрлерінің қатысуымен өткен жиналыста соңғы жылдары елдеріміз арасындағы жан-жақты және өзара тиімді байланыстар қарқынды дамып келе жатқаны, Мемлекеттеріміз басшыларының қатаң саяси ерік-жігерлері, тұрақты достық пен сенімді диалогтары негізгі факор болып қызмет етіп жатқаны айтылды.

Атап өтілгендей, өзара тауар айырбастау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Оның көлемін 2 миллиард долларға жеткізу мүмкіндігі бар. Су шаруашылығы, энергетика, көлік, автомобиль жасау  және басқа да салаларда біріккен кооперация жобалары нәтижелі жүзеге асырылуда. Мәдени-гуманитарлық алмасу одан әрі кеңейюде.

Кездесуде өнеркәсіп кооперациясы саласында үлкен мүмкіндіктер бар екені, осы орайда Өзбекстан-Қырғызстан даму қорының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ энергетика, су шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде өзара пікір алмасты.

Тараптар мәдени-гуманитарлық, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара мәдени күндерді, этноспорттық фестивальдерді, іс-шараларды, концерттер мен көрмелерді өткізу бастамасын алға тартты.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық біріккен комиссияның 10-жиналысының қорытындысы бойынша мәлімдемеге қол қойылды.

 

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.