Президент Шавкат Мирзияев республикадағы кәсіпкерлерді мерекемен құттықтап, елдің экономикалық қуатын арттыратын басты күш – кәсіпкерлер екенін ерекше атап өтті.
– Кәсіпкерлердің қоғамдағы беделі мен ұстанымы күннен-күнге артып, ішкі және сыртқы нарықта, өзіндік беделі мен бренді бар бизнесмендер көбейіп келеді. Мемлекеттік органдарда да оларға деген көзқарас айтарлықтай жақсарды. Кәсіпкерлерге мұндай көзқарас алдағы уақытта да экономикалық саясатымыздың маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек, – деді Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 20 тамыздағы жарлығына сәйкес Кәсіпкерлер күні мерекесіне орай елдің дамуына лайықты үлес қосып жүрген бір топ сала өкілдері марапатталды. Шарада Мемлекет басшысы 29 кәсіпкерге орден мен медальдарды табыс етті.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 19 тамыздағы жарлығымен «Белсенді кәсіпкер» төсбелгісі тағайындалған болатын. Осы марапатқа лайық деп табылған 100 кәсіпкерге де жаңа төсбелгі мекендерде жерде табыс етілді.