Бүкіл ислам әлемінде Имам Бухарийдің беделі жоғары, оның кесенесін көруге ниетті зияратшылар өте көп. Сондықтан келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл жерде жаңа кешен бой көтеруде.
Сапар барысында Мемлекет басшысы құрылыс барысымен танысты.
Жаңа кешеннің жалпы аумағы 44 гектарға ұлғайтылған. Қазір беделді кешен мен 10 мың орындық мешіт, төрт мұнара толықтай салынған.
Жаңа нысан зияраттың өзінен бөлек, тәрбиелік, ағартушылық, өнеге орталығы болмақ. Мұнда музей, әкімшілік ғимараты, қонақүй және басқа да сервистік қызмет көрсететін ғимараттар қарастырылған. Нысан қабырғаларына «Сахихи Бухарий» жинағынан хадистер жазылады.
Мемлекет басшысына кешендегі келешек мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар кесене аумағында және қоршаған саябақ аймағына көптеп ағаш отырғызу қажет екені айтылды.












