Осынау зиярат орнының дәл ортасында ұлы хадис ғалымы бабамыздың қасиетті кесенесі орналасқан.

Мемлекет басшысы кесенеге зиярат жасады. Құран оқылды, дұға бағышталды.

– Қасиетті Рамазан айт қарсаңында ұлы жерлесіміз, хадис ілімінің сұлтаны Имам Бұхаридің рухына тағы бір мәрте құрмет көрсетіп отырмыз. Бұхари бабамыз Құран Кәрімнен кейінгі ең беделді дереккөз саналатын хадистер жинағын жасап, бүкіл ислам әлеміне танылған ұлы тұлға. Қасиетті жерімізде осындай әйгілі ғұламаның дүниеге келгенін әрқашан мақтан тұтамыз.

Ел-жұртымыздың жанқияр еңбегінің арқасында бүгін асыл арман-мақсаттарымыз жүзеге асты. Бұл бірегей зиярат орнын Имам Бұхари бабамыздың әлемдік деңгейдегі беделіне сай етіп тұрғызуға қол жеткіздік. Осындай қасиетті мекен баршамызға құтты болсын, – деді Мемлекет басшысы.