Бұл туралы Индонезияның Ұлттық іздеу және құтқару агенттігіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.
Қаза тапқандардың мәйіттерін эвакуациялау жалғасуда, апат таулы жер болғандықтан қиын кешуде. Ұшақ Теңіз істері және балық шаруашылығы министрлігінің тапсырысымен чартер рейсте балық аулау орындарын әуеден бақылау істерін атқарып жатқан еді. Бортта жеті экипаж мүшесі мен министрліктің үш қызметкері болған.
Ұшақ Джокьякартадан Оңтүстік Сулавесидің орталығы Макассарға ұшып бара жатқан еді, деп хабарлайды report.az.