Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі жанынан мемлекеттік мекеме ретінде Инфрақұрылымды дамыту инжиниринг компаниясы құрылады.
2024-2026 жылдарда Өзбекстан Республикасының әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында Компания мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша тапсырыс беруші ретінде міндетін атқарады.
Компанияға:
- егер нысандарға қажетті құрылыс материалдарын, жабдықтар мен конструкцияларды өндірушілердің ұсыныстары орташа биржаның бағасынан 20 пайызға арзан болса, ерекшелік ретінде, тендер (байқау) саудаларды өткізбей, ең үздік ұсыныстардың ішінен таңдау арқылы тауарларды тікелей сатып алу;
- негізделген есеп-қисаптарға орай нысандар үшін қажетті құрылыс материалдарын, жабдықтар мен конструкцияларды сатып алуға (жеткізіп беру) 30 пайыз алдын ала бөлуге;
- аумақтарда қажетті инфрақұрылымы бар қоймалар құру үшін тендер (байқау) саудаларды өткізбей, тікелей жалға беру шарттарын жасасу құқығы беріледі.
Сондай-ақ, іс-шаралар жоспары бекітіліп жатыр, оған сәйкес басқалары:
- ағымдағы жылдың 20 февралына дейін Компанияның басшылық лауазымдарына кандидаттар бойынша Министрлер Кабинетіне ұсыныстар енгізілсін;
- 2024 жылғы апрель айына дейін нысандарда техникалық бақылауды жүргізуге қала құрылысы қызметі саласында кемінде үш жылдық жұмыс өтілі бар мамандар (техникалық бақылаушылар) тартылады.
Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланды және 2024 жылғы 10 февралында күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".