Адам құқы мен мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы іс-әрекеттер жаңа кезеңге аяқ басты

    Ел назарында 10 Noyabr 2022 1674

    Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (омбудсман) мен Өзбекстан Кәсіподақ ұйымы Федерациясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

    2022 жылдың 9 ноябрінде Адам құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету істерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тағы бір маңызды шара Өзбекстан Кәсіподақ ұйымының Федерациясы мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) арасындағы Ынтымақтастық меморандумына қол қоюға арналған конференция өтті.

    Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) мен Өзбекстан кәсіподақ ұйымы федерациясының негізгі мақсаттары мен міндеттері азаматтардың, сонымен қатар еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Осы тұрғыда екі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы адам құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жаңа деңгейге шығарары сөзсіз.

    Демек, ынтымақтастықтағы көзделген мақсат та жұмысшылардың құқықтары мен еркіндіктерін тиімділігін арттыруға және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған.

    Соңғы бес жылда Өзбекстан кәсіподақ ұйымы Федерациясына жұмысшылардан 24 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 18 359-ы өз шешімін тапты. Нәтижесінде қызметкерлерге дер кезінде төленген 14 миллиард сумнан астам еңбекақы және 9 миллиард сумнан астам материалдық және моральдық шығын өндірілді.

    Омбудсман тарапынан ағымдағы жылдың 9 ай барысында азаматтардың мүдделері мен міндеттеріне, сонымен қатар қарыздарлығына, денсаулыққа келтірілген залалға, материалдық және моральдық залалға және тағы басқа да міндетті төлемдерден туындайтын құқықтық қатынастарға қатысты өтініштерді үйрену нәтижесінде жалпы 338 миллион сумнан астам қаржылар азаматтар пайдасына өндірілгенін атап өткен орынды.

    Сондай-ақ, 40 миллион сумнан астам алимент төлету қамтамасыз етілді.

    Азаматтардың жалақысы мен еңбек қатынастарына байланысты төлемдері бойынша өндірілген жалпы сумма — 219 миллион 760 мың сумды құрайды. Сондай-ақ 9 азамат жұмысын қайта тіктелген, 2 азамат жұмысқа орналастырылған.

    Сонымен қатар, Омбудсман тарапынан азаматтық істер бойынша және әкімшілік соттарға азаматтардың мүддесін көздейтін өтініштері мен талап-арыздарын қарау нәтижесінде 11 азаматтың зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеу фактісі анықталған.

    Шарада бұл меморандум тек орталық ұйымдар арасында ғана емес, сондай-ақ облыстардағы Омбудсманның облыстардағы аумақтық өкілдері сондай-ақ Кәсіподақ ұйымдары Федерациясының аумақтық кеңестері арасында да берік ынтымақтастық байланыстарын орнатуға және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға қызмет ететіні атап өтілді.

    Осының негізінде Омбудсманның аймақтық өкілдері мен Өзбекстан кәсіподақ ұйымы Федерациясының аймақтық Кеңестері арасында да осы сияқты меморандумдарға қол қоюға келісілді.

    Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates