15 қазанда Ферғана қаласында мониторинг станциясы орнатылды. Ал 9 қазанда Самарқант қаласында осындай жабдықтарды орнату және баптау жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта басқа әуежайлардың айналасына да станциялар орнату жоспарланған.

Жабдықтар әуежайлардың санитариялық-қорғау аймақтарында орналастырылып, атмосфералық ауаның жай-күйін тәулік бойы бақылауға арналған.

Станциялар азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, озон, аммиак және күкіртсутек сияқты ластаушы заттардың, сондай-ақ PM2.5 және PM10 ұсақ бөлшектерінің концентрациясын өлшейді. Сонымен бірге жүйе ауа температурасын, ылғалдылығын, атмосфералық қысымды, желдің жылдамдығы мен бағытын тіркейді.

Өлшеу нәтижелері автоматты түрде Қоршаған табиғи орта мониторингінің бірыңғай геоақпараттық деректер базасына жіберіледі. Бұл әуежайлар маңындағы ауа сапасының өзгерістерін бақылауға, экологиялық жағдайды бағалауға және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба экология саласын трансформациялауға бағытталған Президенттің ПЖ-81-санды Жарлығы және өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған Министрлер Кабинетінің 783-сонды қаулысы аясында «Malkam Environmental Technologies» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Станцияларды орнату — «Uzbekistan Airports» компаниясының экологиялық бақылауды күшейту және әуежайлар қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту бағытындағы жұмыстарының бір бөлігі деген хабарда.