Семнарға мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың, адвокаттардың, ғылыми қауымдастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының директоры, БҰҰ Адам құқықтары комитетінің мүшесі Акмал Саидов шараны ашып, еркіндік пен жеке басының қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету – заң үстемдігінің және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің негізгі өлшемдерінің бірі екенін атап өтті. Жаңа Өзбекстан адам құқықтарын қорғаудың ұлттық құқықтық және институционалдық механимдерін жүйелі түрде нығайтып келе жатқаны, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы механизмдерімен ынтымақтастықты кеңейтіп жатқаны, халықаралық ынтымақтастықтың құқығын қолдау қызметін жетілдірудің іс жүзіндік құралы ретінде қарастыратыны айтылды.

Семинарда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Өзбетінше қамауға алулар жөніндегі жұмысшы топтың төраға-баяндамашысы Ганна Юдковская негізгі баяндамашы ретінде жұмысшы топтың өкілеттігі, жеке өтініштерді қарау тәртібі, шұғыл шаралар қолдану механизмдері, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастық тәжірибесі туралы түсініктемелер берді.

Талқылаулар барысында, атап айтқанда:

– бас бостандығынан айырудың заңдылығын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары;

– ұстау және қамауда ұстау кезіндегі процессуалдық кепілдіктер;

– жұмысшы топтың өтініштері мен ұсыныстарына мемлекеттердің жауап беру тәртібі;

– кеңсеаралық үйлестіру мен ақпарат алмасуды күшейту мәселелері қаралды.

Семинар қатысушылары тікелей кәсіби тәжірибе алмасудың үлкен практикалық маңызы бар екенін атап өтті. Тараптар БҰҰ механизмдері аясында өзбетінше қамауға алудың алдын алу және ұлттық құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Осы семинардың өткізілуі Жаңа Өзбекстанның адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік органдар қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі дәйекті саясатын жүзеге асыру жолындағы кезекті қадам болды.

Адам құқықтары жөніндегі Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының баспасөз қызметі