Интеллектуалдық меншікті қорғау күшейтілуде

    Интеллектуалдық меншік нысандарына қатысты мүліктік құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

    Бұл туралы Олий Мажлистің Заң шығару палатасының Инновациялық даму және ақпараттық технологиялары мәселелері жөніндегі комитеті тарапынан интеллектуалды меншікті қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасы көзделуде, деп хабарлады Заң шығару Палатасының ақпарат қызметі.

    Айтуынша, заң жобасы бастапқы түрде қаралуда. Оған Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды, Әкімшілік жауапкершілік туралы және Азаматтық кодекстерге авторлық құқықғы және соған ұқсас құқықтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік нысандарына болған құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін тиісті өзгерістер мен қосымшалар енгізу ұсынылуда.

    Атап айтқанда, интеллектуалды меншік нысандарына қатысты жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары күшейтілуде. Мұндай нысандарға қатысты мүліктік құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленуде.

    Заң жобасы саяси партиялардың фракция жиналыстарына талқылауға дайындауда.