Инвестициялардың негізі Өзбекстанға деген сенім

    Өзбекстанның барлық өңірлерінде инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда, тағы да инвестиция келуде. Мұның негізі – жаңа Өзбекстанға деген сенім.

    Наманган облысында жалпы құны 4 миллиард долларды құрайтын 47 жоба қалыптасқан. Оның 2 миллиард 300 миллион доллар тұратын 17-сі Мемлекет басшысына таныстырылды.

    Оларға Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Франция, Германия, Австрия, Италия, Нидерланды, Иран, Пәкістан сияқты елдердің компаниялары инвестиция салуда. Жобалар құрылыс материалдары, электротехника, химия, тоқыма, тамақ, фармацевтика, медицина, тау-кен өнеркәсібі, балық шаруашылығы және басқа да салаларға қатысты.

    Мысалы, Қытаймен бірлесіп, «Чуст» ауданында мыс өндіру және өңдеу, пәкістандық инвестор «Турақорған» ауданында синтетикалық матаны жасау мен бояу, австриялық компаниямен облыстық травматологиялық орталығын жабдықтау жоспарланған.

    Осы 47 жобаның нәтижесінде 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

    Мемлекет басшысы инвестор және кәсіпкерлермен әңгімелесті. Жобалардың экономикалық тиімділігі талқыланып, оларды жеделдету бойынша тапсырмалар берілді.