Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес, Халыққа білім беру министрлігі мен Кореяның Экспорт-импорт банкі тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Мектеп білімінде ақпарат-коммуникация технологияларын одан әрі дамыту » жобасы аясында 2019-2020 жылдары жалпы 2859 оқу компьютер жабдықтары (43 мың дана компьютер) орнатылды.
Жоба аясында өткізілген тендер саудаларына қарағанда, министрлік тарапынан 8,23 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы экономдалған.
Мектептерге қосымша компьютер сыныптары қажет болғандықтан экономдалған қаржылар есебіне KT Corporation тарапынан жалпы білім беретін мектептерге қосымша 951 оқу компьютер жабдықтары, яғни 14 мыңнан астам компьютер жеткізіп беруге келісті.