Экономикалық ынтымақтастық ұйымына төрағалық Өзбекстан Республикасына өтті

    Билік 28 Noyabr 2021 5012

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 қарашада Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) он бесінші саммитіне қатысты.

    Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов төрағалық еткен саммитке Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Ариф Алви, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған, Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин және ИЫҰ Бас хатшысы Хусрав Назири қатысты.

    Мемлекет басшысы саммитте сөйлеген сөзінде Түркіменстанды ұйымға тиімді төрағалық етуімен құттықтап, биылғы жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен әріптестік туралы қарарының қабылдануының маңыздылығын атап өтті.

    «Тарихы, діні, салт-дәстүрі жақын бауырлас халықтарымыз ежелден сауда-саттық, мәдени байланыстармен тығыз байланысты болған. Өткен кезеңде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы орасан зор экономикалық әлеуеті бар ірі өңірлік құрылымға айналды, – деді Шавкат Мирзияев.

    – 500 миллионнан астам халқы бар, үлкен нарыққа ие елдеріміздің сауда мен инвестиция саласындағы зор мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет. Қабылданған «ЭЫҰ келешегі – 2025» тұжырымдамалық бағдарламасы негізінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейту және ең бастысы, практикалық нәтижелерге қол жеткізу мақсатқа сай, деді Өзбекстан Президенті.

    Туристік алмасуды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен Өзбекстан Президенті 2022 жылы Бұхарада өтетін туризм министрлерінің кезекті отырысында пандемиядан кейінгі кезеңде қауіпсіз туризмді дамытудың өңірлік бағдарламасын қабылдау туралы бастама көтерді. Осы бастама аясында «қажылық туризмін» және басқа да бірлескен туристік өнімдерді дамытуға, рейстер географиясын кеңейтуге, туризм инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

    Мемлекет басшысы көршілес Ауғанстандағы жағдайға да тоқталды.

    – Бұл ел ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болып отыр. Халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде жақын көршілерінің көмегінсіз жалғыз ауған халқы бұл қиын сынақтардан өте алмайды, деді Шавкат Мирзияев.

    Сондықтан біз Ауғанстан халқына қажетті көмек көрсету үшін күш-жігерімізді біріктіріп, ортақ көзқарастарды әзірлеуіміз қажет.

    Біз сондай-ақ Ауғанстанмен өңірлік маңызы бар ірі сауда, көлік және энергетикалық жобалар бойынша жұмысты жалғастыруды қолдаймыз.

    Саммит соңында Ашхабад іс-қимыл консенсусына қол қойылды. Бұл құжат мүше мемлекеттердің өңірлік экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудағы маңызды басымдықтарын қамтиды.

    Мемлекет және үкімет басшылары мен Ұйымның Бас хатшысы Өзбекстанды 2022 жылы ИЫҰ-ға төрағалықты қабылдап алуымен құттықтады.

    Президент Шавкат Мирзияев осыған байланысты шынайы тілектер үшін алғыс айтып, жиынға қатысушыларды Өзбекстанда өтетін келесі саммитке шақырды.