Жарлыққа сәйкес, меншік формасынан тыс бір немесе бірнеше шаруашылық жүргізетін субъектілеріне және мемлекеттік ұйымдарға белгілі бір тауарларды өндіруге (қызмет көрсетуге, жұмыстарды орындауға), сатуға немесе сатып алуға, сондай-ақ бірыңғай оператор қызметтерін көрсету үшін төмендегілер негізінде ұсынылған авсолютті құқық эксклюзивті құқық ретінде мойындалды:
заңдылық құжаттарымен ерекшелік ретінде берілген рұқсат (құқық);
жалпы тәртіптен тыс берілген жеке лицензия (рұқсатнама).
Мұнда байқау (тендер) негізінде берілген лицензиялар (рұқсаттар) эксклюзивті құқық ретінде танылмайды.
2025 жылғы 1 апрельден эксклюзивті құқық шаруашылық жүргізуші субъектілерге заңдармен және Президент жарлық және қаулыларымен 3 жылдан аспайтын мерзімге тек мынадай мақсаттарда беріледі:
конституциялық жүйені, халықтың денсаулығын, Өзбекстанның қорғаныс қабілетін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
табиғи апарттар және эпидемиялардың алдын алу және оларды жою.