Мемлекет басшысы Ташкенттегі музыка және өнер мектебіндегі жағдаймен танысты

    Билік 3 Aprel 2024 2861

    Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы 1-ші балалар музыка және өнер мектебіндегі жағдаймен танысты.

    Мектеп республикалық бюджет есебінен өткен жылы салынған. 250 оқушыға арналған. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 145 ұл-қыз қабылданды.

    Мұнда жастар 12 бағыт бойынша мектептен тыс білім алады. Оқушылар шығармашылық сынақтар негізінде таңдалады.

    Елуге жуық оқу және компьютер кабинеттері, іс-шаралар залында қолайлы жағдай жасалған. Кітапханада 5500-ден астам оқу әдебиеті мен ноталар жинақталған.

    Мемлекет басшысы өнердің рухани бай ұрпақты тәрбиелеуге қызмет ететінін, оған деген сүйіспеншілікті бала кезінен қалыптастыру керектігін айтты. Осы мақсатта музыкалық білім беру бағдарламаларын жалпы білім беру жүйесімен үйлестірудің маңызы зор екені сөз болды. Өнер мектептері мен жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да мәдениет мекемелері арасындағы ынтымақтастық жүйесін нығайту міндеті жүктелді.

    Өзбекстанда барлық мектептер музыкалық аспаптармен қамтамасыз етіліп, жастардың қызығушылығы мен таланты дамып келеді. Бұл дәстүрлі өнер түрлерімен қатар мақом, жыраулық және классикалық музыка құндылықтарын жалғастыруға қызмет етеді.