Ташкент қаласының жұртшылығы Ислам Каримовты еске алуға жиналды

    2 қыркүйек күні мемлекеттік ұйым өкілдері мен Ташкент қаласының жұртшылығы Ислам Каримовты еске алуға жиналды.

    Бұл шараға Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевта қатысып, Тұңғыш Президенттің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Ислам Каримов Өзбекстан тәуелсіздігін жариялап, оны даму жолына шығарған көшбасшы. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік мерекесіндегі сөзінде бұл оқиғаның тарихи маңызын ерекше атап өтті:

    «Тәуелсіздік арқасында ұлттық мемлекетіміз қайта жаңғырды. Өзбекстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Тәуелсіздік арқасында әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алдық».

    Осындай қасиетті күнде мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және оған елеулі үлес қосқан отансүйгіш азаматтарды алғыспен еске алуымыз заңдылық. Тұңғыш Президентіміз тарихтың бетбұрыс кезеңінде, қиын уақытта елімізге басшылық еткен еді.

    Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағартушылық мемориалды кешенінде Құран оқылды. Тұңғыш Президентіміздің елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, халықтың тұрмысын жақсарту жолындағы еңбектері еске алынды.

    Рәсімге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, министрліктер мен мекемелер, қоғамдық өкілдер қатысып, Тұңғыш Президентіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Еске алу іс-шаралары Самарқанд және Қаршы қалаларында да өтті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates