Ислам даму банкінің қатысуымен ауылдық жерлер дамитын болады

    2024 жылғы 28 мартында Өзбекстан Республикасы Президентінің ПҚ-141-санды «Ислам Даму Банкінің қатысуымен «Ауылдық жерлерді кешенді дамыту» (2-кезең) жобасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, аумақтарды кешенді дамыту, жол-көлік инфрақұрылымын, инженерлік-коммуникациялық желілерді және әлеуметтік сала нысандарын салу және қаржыландыру мақсатында Өзбекстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі (ИДБ) арасында апрель айында 2023 жылдың 26 апрелінде 5 жылдық жеңілдік кезеңді қамтитын 20 жыл мерзімге 260 миллион доллар көлемінде Мүшелік келісім мен агенттік келісімге қол қойылды.

    БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Өзбекстандағы өкілетігі Жобаны жүзеге асыру барысында жауапты атқарушы органның серіктесі ретінде қызмет етеді. Жобаның жалпы құны 293,5 миллион долларға тең болса, сондан Өзбекстан Республикасының үлесі 33,5 миллион долларды құрайды.

    Жоба Қашқадария, Самарқант және Сұрхандария облыстарының 21 ауданындағы 157 махалла азаматтар жиындарында 5 жыл бойы (2024-2028) жүзеге асырылады.

    Экономика және Қаржы министрлігі Жобаны уақтылы іске асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ ИДБ бөлетін несиелердің мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапты атқарушы орган болып табылады.

    Шағын жобаларды жобалайтын және мердігерлік жұмыстарды орындайтын ұйымдарды іріктеп алу ИДБ талаптары негізінде және осы талаптарға қайшы келмейтін мемлекеттік сатып алу туралы тәртіп-қағидалары негізінде ашық- және жариялылық әдісте жүзеге асырылады.

    Таңдалған ауылдардағы қажетті шағын жобалар анықталғаннан кейін, әрбір облыс бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған шаралар туралы белгіленген тәртіпте техникалық-экономикалық есеп-қисаптар әзірленеді және сараптамалық органдарында белгіленген тәртіпте сараптамадан өтеді.

    Жобаны жүзеге асыруда Қашқадария, Самарқант және Сұрхандария облыстары әкімдіктеріне қарасты «Бірыңғай тапсырушы қызмет көрсету инжинирингтік компаниясы» МУК тапсырыс беруші болып табылады.

    Жобаны жүзеге асыру аясында:

    - жинақталатын қосылған ҚҚС сомасы Жобаға қатысып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы есебінен төленеді және заңдылықта белгіленген тәртіппен республикалық бюджеті қаржылары есебінен өтеледі;

    - импортталатын тауарларды кедендік баж салығынан босату және қосылған құн салығының сомасын республикалық бюджет қаржылары есебінен өтеп беріледі;

    - донордың қарыздарын қайтару, сонымен қатар қосымша ақы (үстеме) және пайыздар, қызмет көрсеткені үшін үстемеақы және басқа төлемдерге байланысты қаражаттар республика бюджеті қаржылары есебінен өтеледі.

    Құжатпен төмендегілер бекітілді:

    - «Ауылдық жерлерді кешенді негізінде дамыту» (2 кезең) жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері;

    - аймақтық бөлімдегі жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

    - ИДБ бөлген қаражатты бөліп төлеудің болжамдық кестесі.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 29 марттан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates