Оған сәйкес, «Veolia Energy Tashkent» ЖШҚ тарапынан көрсетілетін жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін реттелген бағалар (базалық тариф) 397 мың 212 сум/Гкал мөлшерінде белгіленді.

Қаулыға сәйкес, жылумен қамтамасыз ету қызметтерінің бөлшек сауда тарифтері төмендегілер үшін бұрынғы бағада қалады:

тұрғындар үшін – 91 мың 960 сум/Гкал (2019 жылдың 15 авгусынан бастап қолданыста);

шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін – 141 мың 737 сум/Гкал (2019 жылдың 15 авгусынан бастап қолданыста).

Бюджеттік ұйымдар үшін бөлшек сауда тарифі 502 067 сум/Гкал құрайды.

Бағалар жарияланған күннен бастап 15 күн өткен соң, яғни 2022 жылдың 21 октябрьде күшіне енеді.

Базалық және бөлшек сауда тарифтерінің арасындағы айырмашылық Ташкент қаласының жергілікті бюджетінен субсидияланады.