Өзбекстандық кәсіпкерлер бұл мүмкіндіктерді белсенді пайдаланып, экспорт көлемін жылдан-жылға арттыруда. Биылдың өзінде январь-сентябрь айларында Еуропа Одағы елдеріне 1 миллиард 470 миллион долларлық қнім экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға көп. GSP+ бағдарламасы аясында экспортқа шығарылатын өнімдердің алдыңғы қатарында дайын трикотаж, шұлық, электротехника және химия өнімдері иелеп тұр.
Экспорт көлемін арттыру барысында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі тарапынан былғары-тоқымашылық өнеркәсіпорын иелерінің Португалия, Италия, Испания, Германия және Польшадағы ірі сауда тармақтарымен және компанияларымен келіссөздер жүргізу үшін іссапарлары мен іскерлік миссияларын ұйымдастыру үлкен рөль атқарады.
Өзбекстандық өндірушілері Alba Tessile, T.I.S, Ametlab, ItalTex, Sartoria La Torre және SI Group, Rossorame, Weitblick, WLL Gmb, El Corte Inglés, Tendam, Gedepsa, ACIR Southern Europe, Gedepsa, ACIR Southern Europe, El Corte Inglés, El Corte Inglés, Tendam, LEGS, PPHU JOLA-STYL, Colorinvest және Arlen, Textile Group компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде дайын тоқымашылық бұйымдары мен материалдарды жеткізу, Италия-Өзбекстан бірлескен брендін құру, Еуропа электрондық коммерция платформаларымен жұмыс істеу, Еуропа Одағы аумағында Өзбекстан сауда үйлерін ашу туралы келісімдерге қол жеткізілді, сонымен қатар логистика, сақтау, сертификаттау, сапаны бақылау мәселелері бойынша бір шешімге келді.
Былғары өңдеушілері Еуропа Одағындағы серіктестер - CTIC, APIC, Confidustria Toscana Sud, Cámara de Comercio de Valencia ұйымдары, Aquitex, CEPSA, Alidata, Mapril ION Exchange, VentilaQUA, Desotec, Jose maria & filhos Tanned Group, Incusa компанияларымен осы сияқты келісімдерге қол жеткізді.
Миссиясының алғашқы нәтижелері қол қойылған келісім-шарттар аясында соңғы 2 айда Италия, Болгария, Польша, Австрия және Германияға былғары өнеркәсібінің экспорты артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсібі және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің