Тұтынушыға негізсіз қарыз жазылғаны анықталды

    Тұтынылған 228 текше метр ауызсуға қарыз жоқ болып шықты.

    Ауызсумен қамтамасыз ету мекемесі тұтынушыға ескерту жасамай, кейінгі есеп-қисаптар бойынша оның үйіне 6 миллион 500 мың сум қарыз жазылған.

    Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің Наманған облысы аумақтық құрылымына өтініш келіп түсті. Азаматтың өтінішін үйрену барысында шынында да тұрғын үйдегі су тармағына ЛХСД маркалы, мемлекеттік нөмірі 127662-санды су есептегіш құралы арқылы сумен қамтамасыз етілгені және 2020 жылдың июнь айында су есептегіш құралды салыстырмалы тексеруден өткізу белгіленгені анықталған.

    Тиісті қаулыға сәйкес, су есептегіш құралын пайдаланудың шектеулі мерзімі аяқталуға кемінде күнтізбелік 30 күн қалғанда ИСКХ ұйымы тұтынушыға келісімшартта көрсетілген тәртіппен ескерту хатын жолдауы тиіс болатын. Алайда азаматқа ескерту жасалмаған, өтініштен кейін 2022 жылдың июнь айында есептегіш аппараты салыстырмалы тексеруден өткізілгенде дұрыс жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Нәтижесінде тұтынылған 228 текше метр ауызсуға қарыз жоқ екені белгілі болды. Осылайша, тұтынушының құқығы тіктеліп, қайта есептеулер 6 500 000 сумдық қарыздың негізсіз екенін көрсетті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates