Президент тұтынушыларды мұнай-газ ресурсымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді

    Билік 9 Avgust 2021 5566

    9 тамызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев тұтынушыларды мұнай-газ ресурсымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Жиында Энергетика министрлігі, «Өзбекнефтегаз», «Узтрансгаз» және «Худудгазтаминот» басшыларының есебіі тыңдалды.

    Мемлекет басшысы сала қызметкерлеріне тұтынушылардың мүдделерін бірінші орынға қою, экономика мен халықты қажетті мөлшерде табиғи газ, сұйытылған газ және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Атап айтқанда, екінші жартыжылдықта 32 миллиард текше метр табиғи газ ресурстарының балансын қамтамасыз ету, әсіресе күзгі-қысқы маусымда жүйені бірқалыпты пайдалану міндеті қойылды. Осы мақсатта әрбір тау-кен саласында нақты шараларды анықтап, тұтынушыларға үздіксіз жеткізуді, сондай -ақ шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалануды қажеттігі айтылды.

    Сонымен қатар геологиялық -техникалық шараларды жүзеге асыру үшін тәжірибелі мердігерлерді, пайдаланылмаған кен орындарына конкурстық негізде инвесторларды тарту бойынша нұсқаулар берілді.

    Екінші жартыжылдықта 457 мың тонна, жыл соңына дейін 850 мың тонна сұйытылған газ өндіруді қамтамасыз етумен халықтың сұранысын толық қанағаттандыруға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

    Экономиканың өсу қарқынын және жаңа газ-химия жобаларының іске қосылуын ескере отырып, алдағы 5 жылда табиғи газға сұраныс артады деп болжануда. Мемлекет басшысы осы жылдарға қажетті табиғи газ ресурстарын қалыптастыру үшін нақты жоспарларды әзірлеу мен энергетикалық секторды цифрландыру қажеттігін айтты.

    Осы мақсатта кен орнында геологиялық іздестіруді жеделдету және минералды -шикізат базасын кеңейту бойынша тапсырмалар берілді.