Италиялық инвесторлар Өзбекстанда өз қызметтерін кеңейтуді жосарлауда

    Агросектор 19 May 2022 1290

    Үстіміздегі жылдың 18 майында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков “Berlusconi Finanzaria” инвестициялық қорының Президенті Паоло Берлусконимен және «Energy System» компаниясының президенті Роберто Туччимен кездесті.

    Кездесу кезінде италиялық кәсіпкерлер тарапынан Өзбекстанда инвестициялық қызметті жолға қою және кеңейту болашақтарын талқылады. Италия тарапы энергетика және тұрмыстық қоқыстарды кәдеге жарату саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Сондай-ақ Өзбекстан аумақтарында өсірілетін шафранның көлемін ұлғайту жоспары көзделді. Бұл өз кезегінде, өзбек фермерлерінің осы өніммен сауда жасауында халықаралық базарда орнын нығайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

    Тараптар аталған осы жобаларды өмірге енгізуді жеделдету мақсатында оларды жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды жедел шешуде ынтымақтастық механизмдерін әзірледі.

    Кездесу соңында қаралып жатқан жобаларды ілгерілетуді жеделдету мақсатында белсенді байланыстар мен тұрақты диалогты жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates