Президент Жалалиддин Мангуберді атындағы әскери-академиялық лицейге барды

    Президент Шавкат Мирзиёев 1 наурыз күні Үргеніш қаласындағы Жалалиддин Мангуберді атындағы әскери-академиялық лицейде болды.

    Оқу орны 2023-2024 оқу жылынан бастап жұмысын бастады. 300 орындық заманауи ғимаратта жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Олар мұнда екі жыл нақты ғылымдар саласында білім алады.

    Оқу кабинеттері соңғы үлгідегі мультимедиялық және коммуникациялық құралдармен жабдықталған. Лицейдің ақпараттық ресурстық орталығында 7 мыңнан астам оқу және көркем әдебиеттер, 11 мыңнан астам электронды әдебиеттер бар. Ол облыстағы жоғары оқу орындарының желісіне және Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасына қосылған.

    Сондай-ақ, бұл жерде Жалалиддин Мангуберди мұражайы, жабық спорт зал мен ашық алаңдағы спорт қалашығы, ескек есу алаңы, асхана мен жатақхана бар.

    Оқушылар сабақтан тыс оннан астам ғылым, ақпараттық технологиялар, шығармашылық үйірмелер мен тыс спорттық шараларға қатысады. Тегін киім-кешек, төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

    Мемлекет басшысы оқу орны, мұндағы оқу үдерістерімен танысты. Мұғалім және студенттермен әңгімелесті. Жалалиддин Мәңгубердінің ұлтжандылығы мен қайсарлығы өскелең ұрпаққа үлгі екені айтылды.

    – Мұнда нақты ғылымдардың оқытылатыны жақсы. Бұл ретте отансүйгіштікке тәрбиелеуге, құндылықтарымызды үйретуге баса назар аударған жөн. Солай болуы керек, ұлттық рух пен мақтаныш жастардың ең мықты қаруы болуы керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Әскери қуат пен жоғары моральдық әлеует ел қорғаушыларының басты тірегі екені айтылды.

    Лицей Үргеніш мемлекеттік университеті және Шыршық жоғары танк қолбасшысық-инженерлік оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ Үргеніш қаласындағы 3-ші жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық іс-шаралар мен спорттық жарыстар өткізілуде. Бұл бастаманы өзге мектептермен де кең көлемде ұйымдастыру жоспарлануған.

    Осымен Хорезм облысына сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.