Жалолиддин Мангубердиге тиесілі «Яда» тасының түпнұсқасы Ұлыбританияда сақталғаны белгілі болды

    Жалолиддин Мангубердіге тиесілі Яда тасы қазірде Ұлыбритания мұражайында сақтаулы, деп хабарлайды Өзбекстандағы Ислам цивилизациясы орталығының Ақпарат қызметі.

    Бұл тас ою және гравюралы жасалу техникасында жасалған және ислам мәдениетіне қатысты сәулеткерлік өнерінің сирек жәдігері болып табылады.

    Оның биіктігі 29, ені 50, қалыңдығы 32 сантиметрді құрайды. Оның салмағы 42,5 келі.

    Тас Иран аумағынан табылып, сатып алынған. Ол мұражайда №1990.06.12.1 нөмірімен тіркеліп, біздің заманымыздың 1230-1231 жж. жасалғаны деректерде жазылған.

    Экспонат «Бұл тас Жалаледдин Хорезмшахтың өмірінің соңғы жылдарында шығыс Түркия, солтүстік-батыс Иран және Әзербайжандағы әскери жорықтары туралы дерек береді» деп сипатталған.

    Мирзо Ұлықбектің "Тўрт улус тарихи" кітабында да яда (жада) тасы туралы айтылады. Түріктер оны жаман ниеттен сақтану үшін көріпкелдікте пайдаланған деседі

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates