Оңтүстік Кореямен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық одан әрі нығайтылады

    Денсаулық 15 Yanvar 2024 790

    Өзбекстан елшісі Виталий Фен Корея Республикасындағы жетекші медициналық мекемелердің бірі «New Daesung General Hospital» басқару кеңесінің төрағасы Хон Сок Вонмен келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде екі ел арасындағы медицина саласында қол жеткізілген келісімдер, мен атқарылған және әзірленіп жатқан ірі жобалар талқыланды.

    Атап айтқанда, тараптар “Балалар ұлттық медициналық орталығын” жетілдіру, “Ересектерге арналған медициналық орталықтың” құрылысын жеделдету, Ташкент медицина академиясының қызметкерлері мен студенттерін Оңтүстік Кореяның медициналық клиникаларына шақыру арқылы олардың біліктілігін арттыру, түрлі бағыттағы тәжірибе алмасу бағдарламларын жолға қою сияқты өзекті мәселелерге назар аударды.

    Сондай-ақ, кездесу барысында Ташкент медицина академиясы мен «New Daesung General Hospital» арасындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру және осы бағытта тиісті құжат жобасын дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Келіссөздер соңында елшілік пен аталған емхана арасында Оңтүстік Кореяда жүрген Өзбекстан азаматтарына жеңілдетілген медициналық қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды «Дунё» AA.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates