Оңтүстік Кореямен темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық кеңейеді

    Көлік 6 Fevral 2024 1366

    Өзбекстан елшісі Виталий Фен Оңтүстік Кореяның «Hyundai ROTEM» компаниясының президенті Ли Енгбэні қабылдады.

    Онда көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, «Hyundai ROTEM» компаниясының алдағы уақытта Өзбекстанға 6 жүрдек электр пойызын жеткізіп беруі талқыланды.

    Олар республикамыздың темір жол көлігін дамытып қана қоймай, Ташкентті Самарқант, Бұхара, Хиуа және тағы басқа да тарихи қалалармен байланыстырып, еліміздің тұрғындары мен туристеріне қолайлы жағдай жасауға қызмет етеді.

    «Hyundai ROTEM» компаниясының басшылығы әлеуметтік саладағы ынтымақтастық аясында Қарақалпақстандағы оқу орындарын компьютерлер мен «ақылды» тақталармен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл көмек Өзбекстандағы бастауыш және орта арнаулы білім беру саласындағы реформаларды қолдап-қуаттау мақсатында жүзеге асырылуда. Осы техника мен аспап-құралдар үстіміздегі жылдың май айында Қарақалпақстан Республикасына жеткізу жоспарлануда.

    Диалог барысында, сондай-ақ, Өзбекстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен кеңінен танысу және жаңа ынтымақтастықтың болашағын талқылау мақсатында «Hyundai ROTEM» компаниясы делегациясының ағымдағы жылдың 2-3 май күндері өтетін Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін елімізге келетіні айтылды, деп хабарлайды «Дуние» AA.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates