Оңтүстік Кореяда Өзбекстан күндері өтті

    Мәдениет 4 Oktabr 2022 1428

    Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын Седжонг университетінде өзбекстандық студент жастардың қатысуымен еліміз тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған «Өзбекстан күндері» атты шара өтті.

    Бұл мереке Өзбекстанның «Отандастар» қоғамдық қоры басшылығындағы делегацияның Оңтүстік Кореяға іс жүзіндік сапары аясында өтті.

    Шараның ашылу салтанатында «Отандастар» қоғамдық қорының басқару төрағасы Одилжон Сатторов Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен шетелде жасайтын жерлестерімізді тарихи Отаны айналасында біріктіру, олардың жүрегі мен санасында ұлттық бірегейлікті сақтау, жерлестер мен олардың құрған қоғамдық бірлестіктерін қолдап-қуаттау, түрлі салаларда қызмет етіп жүрген жерлерстеріміздің әлеуетін еліміз дамуына тиімді бағыттау мақсатында құрылған «Отандастар» қоғамдық қорының қызметі туралы ақпарат берді.

    Шарада сөз сөйлеген өзбекстандық студенттер елімізде Президентіміздің жастардың жоғары білікті маман болып қалыптасуына, шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық орталықтарында білім алуына жасалып жатқан қолайлы жағдайлар, сондай-ақ шетелдегі жерлестерімізді қолдап-қуаттауда атқарылып жатқан айтулы шараларға ризашылықтарын білдірді.

    Оңтүстік Кореяда жасайтын отандастарымыз бен өзбек эстрадасының жарық жұлдыздарының орындауындағы ұлттық ән-күйлер мерекелік шараның сәнін келтірді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates