Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Заң шығару палатасының кезекті мәжілісі өтті.
Депутаттар мәжілісте «Жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қылмыс-процессуалды кодексі мен Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Заң жобасымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуды, өрескел құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларға жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуді, көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға көлік құралын қайта басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді көздейді.
Сондай-ақ, көлік құралдары жүргізушілерінің тұрақты түрде ереже бұзғандығы үшін айыппұл баллдарын есептеу жүйесін енгізу белгіленуде. Яғни, осы нормамен есептелген айыппұл баллы бір жыл ішінде он екі баллдан асса, соңғы рет жасаған құқықбұзушылық үшін қосымша жаза ретінде жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айыру тәртібін енгізу ұсынылып отыр.
Бұл ережеге сәйкес, егер жүргізуші бір жыл ішінде жол қозғалысы ережесіне байланысты құқықбұзушылықтарды жасау арқылы белгіленген мөлшердегі айыппұл баллдарын жинаса, оған қосымша жаза ретінде көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылатыны белгіленуде.
Мәжілісте атап өтілгендей, заң жобасымен көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын соттар қолдануын ескере отырып, Жол қозғалысы ережені бұзғандығы үшін есептелген айыппұл баллдары белгіленген мөлшерден асқаны үшін әкімшілік жазасын қылмыстық істер бойынша аудандық (қалалық) сот тарапынан қолдану тәртібі де ұсынылуда.
Сонымен қатар, сығылған табиғи газда сұйытылған мұнай газда істейтін көліктерге қатысты оқиғалар бойынша арнайы баптармен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті белгілеу көзделген.