Жасур Жалолиддинов «Қайрат» клубында ойнайтын болады

    Өткен жылда «Андижан» командасында ойнаған он тоғыз жасар жігітіміз алдағы маусымды Алматыда өткізетін болады.

    Осы дарынды ойыншы әуелі Москвадағы «Локомотив» командасы мен бес жылдық контракт түзгені арқылы көпшілік назарына түскен.

    Алайда, қуанышымыз ұзаққа бармады, 2021 жылдың қаңтарында клуб контрактты бекер болғанын мәлімдеді. Одан соң Жасур «Тамбов» клубында ойнайды деген хабарлар болған. Дегенмен, Тамбов қаласында бірде ойынға қатыспай, футболшымыз 2021 жылдың наурыз айында «Андижан» клубы мен келісімге келді, 2022 жылдың желтоқсан айына дейін.

    Жуырда «Sports.uz» сайтына берген интервьюсында Жасур Алматыға, яғни, «Қайрат» клубына бір жылдық арендаға өткенін мәлімдеді. Ойыншы өзі айтуынша, ондай шешім қабылдауына «Қайрат» бас бапкері Құрбан Бердыев телефон арқылы сүхбатта үлкен сенім артқаны түрткі болғаны.

    Жиырма үш жасқа дейін Өзбекстан құрамасында Азия чемпионатына дайындалып жүрген Жасур Жалолиддинов бас жүлдені жеңіп алуға нәсіп етсе, марқұм досы Диер Рахимқұловтың үйіне барып, еске алуды армандап жүрген екен. Жасурға «Қайрат» командасы қатарында жаңа табыстар тілегіміз келеді, және 23-жасқа дейін Өзбекстан құрамасы сапында Азия кубогын қолға алуына тілектеспіз!

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates