Ертең республика бойынша аз бұлтты және бір қалыпты ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы +33...+38 градус, Сұрхандария облысында кей жерлерде +42...+44 градус шамасында болады.

Жексенбі күні Өзбекстан аумағына Кавказ аумағынан салыстырмалы түрде салқын және ылғалды ауаның тағы бір бөлігі енеді.

Республика бойынша бұлттылық күшейеді, Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы тағы да +2..+4 градусқа төмендеп, жазғы маусымға қолайлы +31...+34 градусқа дейін, оңтүстікте кей жерлерде +38...+40 градусқа дейін төмендейді. Салқын ауа түнде және таңертең сезіледі, түнде ауа температурасы +15...+18 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін оңтүстік және шөл аймақтарда, 24-25 июнь күндері республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 13-18 м/с дейін, кей жерлерде 20-23 м/с күшейіп, шаң-тозаң көтеріледі деп күтілуде.

24-25 июнь күндері тау бөктерінде және таулы аймақтарда кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.