Жеңісбек Пиязов жеке академиясын ашты

    Онда таланты барлар мен ақшасы жоқтар тегін оқытылады, көлік алуға да мүмкіндік бар.

    Осы игі іске опера әншісі 3 жылда қол жеткізді. Оған Президенттің «Әр бір өнерпаз өз мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеуі керек» деген жігерлендірген сөздері күш берген.

    Академия 3 бағыт бойынша сабақ жүргізеді. Опера өнерімен қатар сөйлеу шеберлігі мен актерлік шеберлік те оқытылады.

    Жүргізушілік мен сөйлеу шеберлігін белгілі жүргізуші Жамшидбек Умирзақов жүргізеді.

    Жыл сайын оқушылар арасында байқау өткізіліп, жеңімпаз атанған әншіге көлік сыйға тартылады.

    Академияға көп оқушы қабылдамайды, басты назар сапаға қаратылады. Сабақтар 2 октябрінен басталады, оған шетелдік мамандар да тартылады.

    Дауыс диапазоны кең, оқушылар Еуропа елдерінде де білім алады.