Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 2 август күні қабылданған 425-санды қаулысымен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2021 жылғы 17 сентябрьдегі «Мектепке дейінгі, жалпы орта мектеп, орта арнаулы, кәсіптік және мектептен тыс білім ұйымдарының педагог кадрларды аттестациядан өткізу тәртібін жетілдіру іс-шаралары туралы» 572-санды қаулына тиісті өзгерістер енгізілді.
Оған сәйкес, жоғары біліктілік санатты алғаннан кейін оны 15 жыл бойы сақтап келген және үздіксіз жұмыс өтілі бар (соның ішінде декрет демалысы кезеңі де) педагог кадрлар міндетті аттестацияға тартылмайтынына нақтылық енгізілді.
Қазіргі анықталған редакцияға негізінен педагог-кадрлар жоғары санатты болып табылады және өз деңгейін 3 рет міндетті атестацияда растағаннан кейін өмір бойына жоғары санатқа айналуы мүмкін.
Мысалы, 2022 жылы жоғары білім мекемелерін бітірген педагог кезектен тыс аттестациядан өту мүмкіндігін пайдалана отырып, 2024 жылы жоғары санатты болады, содан бастап ол 15 жыл ішінде 3 рет (2029, 2034 және 2039 жылдарда) бекітіледі. Бұл жағдайда педагог 39 жаста зейнеткерлікке шыққанға дейін жоғары санатты сақтап қалады.
Алдыңғы редакцияда 15 жыл бойы жоғары санатқа ие болмай 16 жылда жоғары санат алған педагогтар автоматты түрде өмір бойы жоғары санатты сақтай алады ма, жоқ па деген түрлі түсініктер болған.
Бұрын 1-ші санатты алып, соңғы аттестацияда жоғары санатты алған кейбір мұғалімдердің кейіншелік өз біліктіліктерін арттырмауы да осыдан болатын.