Жызақта 6 миллиард 100 миллион долларды құрайтын жобалар жоспарланған

    Кейінгі бес жылда Жызақ облысына 4 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. 50 триллион сумдық өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 861 миллион долларлық экспорт жасалған.

    Биыл облыста жалпы құны 2 миллиард долларды құрайтын 400 жоба жүзеге асырылуда. Оларда 11 мың жаңа жұмыс орнын ашады.

    Мемлекет басшысына осы бағыттағы жоспарлар таныстырылды. Шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер құны 6 миллиард 100 миллион доллар болатын 50 жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

    Жобалар тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, электротехника, химия, тоқыма, тамақ, ауыл шаруашылығы, медицина және фармацевтика сияқты сұранысы жоғары салаларда. Ең бастысы, солардың нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

    Президент инвесторларға жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Шенеуніктерге олардың орындалуын бөлек қадағалау тапсырылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates