Жызақта Футбол академиясы құрылады

    Спорт 8 Aprel 2022 2273

    «Жызақ облысында футболды одан әрі дамытудың және бұқараландырудың қосымша іс-шаралары туралы» Министрлер Кабинетінің 6.04.2022 жылғы № 159-санды қаулысы қабылданды.

    Құжатта «Суғдиёна» мен «Суғдиёна Вумен» кәсіпқой футбол клубтары жанынан Футбол академиясын құру көзделген.

    Академия қызметін 2022/2023 оқу жылынан бастайды, мұнда оқу үдерісі ең жақын маңдағы орта мектептерде ұйымдастырылады.

    Төмендегілер Академияның негізгі міндеттері мен қызметі бағыттары етіп белгіленді:

    болашағы бар жас спортшыларды таңдап алу және тәрбиелеу мәселелері бойынша балалар-жасөспірімдердің спорт мектептерімен, футбол шеберлері мектептерімен, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернаттарымен үздіксіз ынтымақтастықты жүзеге асыру, оларға оқу-әдістемелік және нормативтік-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

    қажетті спорттық құрал-жабдықтармен және оқу құралдармен жабдықталған оқу-жаттығу базаларын жарату;

    Академия базасында ұлттық құрамалар командалары мен олардың резервтерінің қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын, республикалық және аймақтық спорт белдесулерін ұйымдастыру және тұрақты өткізу;

    Еуропа футбол командаларымен, футбол мектептерімен, академиялармен және клубтармен тәжірибе алмасу үшін ынтымақтастықты дамыту.

    Академия дарынды жас футболшыларды іріктеу мен дайындауға бағытталған беймемлекеттік спорттық білім беру ұйымы болып табылады.

    Академияның жалпы контингенті – 168 оқушыны құрайды, әр жылы байқау негізінде 24 талантты футболшы қабылданады.

    Академияда оқу мерзімі – 7 жыл, оқу аяқталған соң сертификат беріледі. Бітірушілерге олимпиада және паралимпиадалық резерв колледждерінде кейінгі арнайы, кәсіптік-техникалық білім беруді қамтамасыз етеді.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланған және 06.04. 2022 жылы өз күшіне енеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates