Ресейдің “Метровагонмаш” компаниясы Ташкент метрополитені үшін жаңа пойыз суреттерін жариялады. Жоспарға қарағанда, жыл соңына дейін астана метросына әрбірі төрт вагоннан құралған, осы сияқты 10 пойыз әкелінеді. Бұл туралы podrobno.uz хабарлаған.
Ташкент метрополитені үшін Ресейдің 10 пойызы 63 миллион евроға сатып алынуда. Бұдан тыс, 50 миллион евро пойыздарды сатып алуға жұмсалса, қалған валюта конвертацияға, сақтандыруға, баж төлемдеріне бағытталады.
Жаңа пойыздар тосықсыз өту жерлермен, кең есіктермен, есіктерді жабу және ашылуда жаңа нұрлы хабар беру жүйесімен жиһаздалған. Сонымен қатар, пойыз доңғалақтары дыбыс жұтқыш конструкцияларға, экологиялық материалдар, вагондарды дыбыстан және ыстықтан қорғайтын құралдарға, тағы басқа қолайлылықтарға ие.
Пандемия жағдайында тағы бқр маңызды жағы көзделген. Салонға кондиционер, вентиляция және ауаны залалсыздандыру жүйелері орнатылған. Бас вагондарда мүгедектік арбалар үшін орын белгіленген.
Қазіргі кезде Өзбекстанда 5 осындай пойызы пайдаланылуда.