Соңғы күндері Өзбекстанның барлық аумақтарында құрғақ және жылы ауа райы болады. Алдағы күндері республикамызда мұндай ауа райы сақталады, деп хабарлайды Узгидромет орталығы.

Болжам бойынша, бүгін және апта ішінде Өзбекстанда күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Тек Ферғана аңғырының кейбір таулы аймақтарында және республиканың оңтүстігінде кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

25 апрель солтүстік және шөлейтті аумақтарда кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Республиканың барлық аумақтарында ауа температурасының көтерілуі сақталады. Ауа температурасы түнде 13-15 градусқа дейін, кей жерлерде 16-18, күндіз 30-33 градусқа дейін, шөлді аймақтарда және республиканың оңтүстігінде кей жерлерде 35-37 градусқа дейін көтеріледі, бұл апрель айының  соңғы онкүндігіндегі қалыпты көрсеткіштерден 6 градусқа жоғары.

Астанамызда бүгін және жұмыс аптасының соңына дейін ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы негізінен түнде 12-14 градус, күндіз 28-30 градус ыстық болады.