Соған қарағанда алтын медаль жалпы орта білім алатын мектептердің 9-сыныпты бітіргендік туралы ең үздік дәрежедегі аттестат, жалпы орта білім алатын мектептердің 10- және 11- сыныптарында барлық пәндер бойынша қорытынды бақылаулар, тоқсандық және жылдық бағалары үздік болған, үлгілі мінез-құлқы және қоғамдық  жұмыста белсенділік көрсеткен бітірушілерге беріледі.

Күміс медаль жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныпты бітіргендігі туралы үздік дәрежелі аттестаты бар болған, жалпы орта білім беретін мектептердің 10- және 11 –сыныптарында барлық пәндер бойынша жылдық бағалары үздік болған, үлгілі мінез-құлқы және қоғамдық жұмыстарда белсенділік  көрсеткен бітірушілерге беріледі.

2020-2021 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 9821 дарынды бітірушілеріне алтын мен күміс медальды салтанатты түрде тапсыру  жиындары өткізілуде. Содан 7183 бітіруші  алтын,  2638 күміс медаль  иесі  болды.

Биыл еліміз  бойлап  2810 бітіруші мерзімінен алдын жоғары оқу орындарына оқуға қабылданған.

Ескертеміз, үстіміздегі жылғы  оқу  жылында  жалпы орта білім  беретін  мектептерді  437761  бітіруші бітірді.