Нәтижесінде «омикрон» туралы жаңа ақпараттар мен тұжырымдар күн сайын пайда болуда.
Мысалы, ДДСҰ-ның COVID-19-ға қарсы күрес бойынша арнайы өкілі Дэвид Набарронның айтуынша, бұл штаммен сырқаттанушылық әр 2-3 күн сайын екі есеге артуда.
Қауіпті жағы, бұл туралы көрсеткіштер бір аптада 8 есе артуы мүмкін. Екі аптадан кейін жағдай 40 есе қауіпті болуы ықтималы үлкен.
Ол кезде мұндай өте күрделі эпидемиологиялық жағдай, ең алдымен Ұлыбританияның денсаулық сақтау жүйесін өте қауіпті жағдайға салады. Еуропа, сондай-ақ әлемнің басқа мемлекеттері де пандемияның жаңа толқынынан қатты зардап шегеді.
Негізі, дәл қазір Ұлыбританиядағы жағдай алаңдатады. 15 декабрьдегі жағдай бойынша мұнда коронавирус жұқтырғандардың күнделікті саны 78 000-ға жуықтады.
Жақында Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Жавид елде «омикрон» тіркелген науқастар саны 4,7 мың екенін хабарлады. Арадан 3 күннен кейін бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін өсті.
Соған қарамастан, мамандар екпенің тиімділігіне үлкен үміт артып отыр. Атап айтқанда, қосымша дозамен егілгендер «омикроннан» сенімді қорғалған немесе оларда аурудың жеңіл өтуі айтылуда, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.